«Сапарлайық» – қазақ тілінде саяхат мәдениетін дамытуға бағытталған авторлық жоба. Трэвел-влогтың мақсаты – Қазақстанды, соның ішінде Батыс Қазақстан өңірін туристің көзімен таныстыру. Өңіріміздің әр ауданының тыныс-тіршілігін, мәдениетін, инфрақұрылымын, қызмет көрсету орындарын көрсетіп, тарихи орындарына назар аударту. Бағдарламаның бұл шығарылымы БҚО-ның Бөкей Орда ауданына арналды.