Warning: session_start(): open(/tmp/sess_2j8rspa5okeg1p922mr4khnghs, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Дубай биыл қолма-қол ақшадан бас тартады - официальные новости ЗКО
9.01.2026, 12:15
Оқылды: 170

Дубай биыл қолма-қол ақшадан бас тартады

Дубай биыл қолма-қол ақшадан бас тартып, қолма-қол ақшасыз төлемдерге өтіп жатыр, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

the skyline of dubai during sunrise

Фото: iStock 

— Дубайдағы мемлекеттік және жеке секторлардағы барлық төлемнің 90%-ы 2026 жылдың соңына қарай қолма-қол ақшасыз болады, — деп хабарлады Дубай үкіметінің баспасөз қызметі.
Қолма-қол ақшасыз төлемдерге көшу стратегиясы алғаш рет 2024 жылы жарияланды.

Ол банкноттар мен монеталарды алып тастауға және Дубайды қолма-қол ақшасыз қалаға айналдырудың ауқымды мақсатын жүзеге асыруға бағытталған.

Бұл мақсатты жүзеге асыру құралдарына банк және басқа да қосымшалар, карталар және болашақта — цифрлық төлем саласында ЖИ негізіндегі инновациялар кіреді. Әмірлік билігі Дубайдың қаржылық инновациялардың жаһандық орталығы және цифрлық экономикадағы жаһандық көшбасшы ретіндегі орнын нығайтуды жоспарлап отыр.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале