
Сурет: BAQ.KZ
Еуразиялық Даму Банкі (ЕАДБ) мәліметінше, инфляция қарқынының тұрақтануына Үкіметтің коммуналдық қызметтер мен бензин бағасын одан әрі қымбаттатуға мораторий енгізу туралы шешімі айтарлықтай әсер етті.
Сарапшылардың пікірінше, аталған шаралар баға өсімін тежеуге мүмкіндік берген.
- 2026 жылы жоғары пайыздық мөлшерлемелердің сақталуына байланысты инфляция деңгейі 9,7 пайызға дейін баяулайды деп күтілуде, - дейді ЕАДБ сарапшылары.