Warning: session_start(): open(/tmp/sess_2j8rspa5okeg1p922mr4khnghs, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Шыңғырлауда бокстан турнир басталды - официальные новости ЗКО
29.08.2023, 10:00
Оқылды: 198

Шыңғырлауда бокстан турнир басталды

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Шыңғырлау аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жасөспірімдер арасында бокстан турнир басталды.

бкос1

Турнирге Ақтау, Атырау, Ақтөбе қалаларынан және облысымыздың Ақсай, Бөрлі, Бөкейорда, Бәйтерек аудандарынан, Орал қаласынан «Оқушылар сарайы», «Ринг» БҚ   «Арена», «Бәйтерек» құрама командалары мен Шыңғырлау ауданының боксшылары қатысып жатыр.

Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев құттықтау сөз алып, жасөспірімдерге жеңіс тіледі.

бокс3

Турнирдің демеушілерінің атынан сөз алған Ерболат Усманғалиев та барлық балғын боксшыға арнап тілегін жеткізді. Сонымен қатар ашылу салтанатында демеушілер Руслан Рабаев, Азамат Ұлжанов, Ерсайын Жолдасбаев аудандық бокс мектебінің спортшыларына спорт киімдерін сыйға тартты.

Тартысты ойын үш күнге ұласады.

Гүлшат Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале