Warning: session_start(): open(/tmp/sess_v4fa52ojdbqns0i15kepp5gu5o, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Жәнібек ауданы: Самбо күресінен ашық аудандық біріншілік басталды - официальные новости ЗКО
19.01.2024, 0:00
Оқылды: 197

Жәнібек ауданы: Самбо күресінен ашық аудандық біріншілік басталды

Аудандық «Жәнібек» спорт клубында самбо күресінен 2010-2012 жылы туған жасөспірімдер арасында ашық аудандық біріншілік басталды. 

IMG_20240118_133108_700

Ашылу салтанатына аудан әкімі аппаратының басшысы Бекежан Шарафутдинов қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

IMG_20240118_133223_787

Ашық аудандық біріншіліктің демеушілері Жалғас Құспанғалиев пен Алтынбек Исаевқа лебізін білдіріп, алғысхат табыстады.

IMG_20240118_133102_639

Жарысқа Орал қаласының, Жалпақтал ауылының, Бөкей ордасы ауданының, Мұратсай ауылының, Тау, Қамысты ауылдарының және Жәнібек ауданының жас күресшілері қатысуда.

IMG_20240118_133150_199

Командалар Мемлекеттік Гимнді асқан рухпен орындап, дайындыққа кірісті. Жарыс қорытындысы ертең белгілі болады.

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале