Warning: session_start(): open(/tmp/sess_am8rv8ivd7gd0iudm7v22ub3ev, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Жымпитының жаршысы -  LED - тақта! - официальные новости ЗКО
5.08.2025, 11:00
Оқылды: 276

Жымпитының жаршысы -  LED - тақта!

Бұған дейін Жымпиты көшелеріне бағдаршам орнатылғанын жазған едік. Кешеден бастап аудан орталығының көшелеріне электронды экрандар қойыла бастады. 

IMG_4595

Алғашқы LED - тақта Алашорда көшесінің бойына ілінді. Бүгіннен бастап жаңа экраннан Сырым ауданының тарихи орындары мен ескерткіштері таныстырылуда.

Жымпиты - аудан орталығы ғана емес, тұтас Сырым даласының бет-бейнесі. Сондықтан, кентке өзінің тарихи бояуын жоғалтпау да, жаңа келбетін қалыптастыру маңызды.

IMG_4599

Жымпиты ауылдық округінің әкімі Мейрам Қайырғалиевтің айтуынша, LED - тақтаның құны 9 млн теңгені құрайды. Алдағы уақытта Қазақстан көшесінің бойына да экран орнатылуы мүмкін.

 

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале