31.07.2018, 11:41
Оқылды: 176

БҚО әкімдігі білім гранттарын бөлуде

grantyБілім басқармасы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің  қаулысына сәйкес жоғары білімі бар кадрларды даярлауға жергілікті бюджеттен 2018-2019 жылғы оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесін жариялайды:

 

 

 

  1. Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Мамандықтың коды Мамандықтың атауы Гранттардың саны
1 5В010800 Дене шынықтыру және спорт, күндізгі оқу түрі 5
2 5В010800 Дене шынықтыру және спорт, сырттай қысқартылған оқу түрі 1
3 5В040200 Аспаптық орындаушылық (үрмелі аспап), күндізгі оқу түрі 1
4 5В040200 Аспаптық орындаушылық (гобой), күндізгі оқу түрі 1
5 5В040200 Аспаптық орындаушылық (кларнет), күндізгі оқу түрі 1
6 5В040200 Аспаптық орындаушылық (флейта), күндізгі оқу түрі 1
7 5В040400 Дәстүрлі музыка өнері (домбыра-прима), күндізгі оқу түрі 1
8 5В040400 Дәстүрлі музыка өнері (бас-домбыра), күндізгі оқу түрі 1
9 5В040400 Дәстүрлі музыка өнері (шертер), күндізгі оқу түрі 1
10 5В040400 Дәстүрлі музыка өнері (сырнай), күндізгі оқу түрі 1
11 5В040400 Дәстүрлі музыка өнері (қыл-қобыз), күндізгі оқу түрі 1
12 5В010900 Математика (қазақ бөлімі), күндізгі оқу түрі 7
13 5В011000 Физика (ағылшын бөлімі), күндізгі оқу түрі 4
14 5В011200 Химия (ағылшын бөлімі), күндізгі оқу түрі 4
15 5В011300 Биология (ағылшын бөлімі), күндізгі оқу түрі 4
16 5В011100 Информатика (ағылшын бөлімі), күндізгі оқу түрі 4
17 5В012200 Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті, күндізгі оқу түрі 6
18 5В050100 Әлеуметтану, күндізгі оқу түрі 1
19 5В090600 Мәдени-тынығу жұмысы, күндізгі оқу түрі 1
  1. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Мамандықтың коды Мамандықтың атауы Гранттардың саны
1 5В072900 Құрылыс, күндізгі оқу түрі 2
2 5В080200 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, күндізгі оқу түрі 2
3 5В080600 Аграрлық техника және технология 2
4 5В080700 Орман ресурстары және орман шаруашылығы, күндізгі оқу түрі 2
5 5В120100 Ветеринарлық медицина, күндізгі оқу түрі 4
6 5В070300 Ақпараттық жүйелер, күндізгі оқу түрі 10
  1. «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті
Мамандықтың коды Мамандықтың атауы Гранттардың саны
1 5В021500 Исламтану, күндізгі оқу түрі 6
  1. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті
Мамандықтың коды Мамандықтың атауы Гранттардың саны
1 5В130100 Жалпы медицина, күндізгі оқу түрі 19

«Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 345  қаулысының 25- тармағына сәйкес білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін азамат жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсырады. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштер 5 – 10 тамыз аралығында қабылданады.

Білім басқармасының байланыс телефоны: 26-04-74, 26-05-04.

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале