19.09.2018, 10:20
Оқылды: 20

Зеленовтық қос ару ел біріншілігінен жүлделі оралды

Жуырда Бөрлі ауданының орталығы Ақсай қаласында жасөспірім ұл-қыздар арасында самбодан ел біріншілігі өтті.

IMG-20180916-WA0037

Жеңімпаздар әлем біріншілігіне баратын болғандықтан бұл жарысқа еліміздің барлық облыстарынан кілең үздік самбошылар жиналды.

Байрақты бәсекеде өңір намысын қорғаған зеленовтық өрендер жасықтық танытпады.

Жарыстың бірінші күні 60 келі салмақта боз кілемге шыққан Эльнара Биғалиева жартылай финалға дейін алқынбай жеткенімен ақтық сынға берілер жолдама үшін болған кездесуде қарсыласына есе жіберіп алды. Дегенмен қола медаль үшін болған бәсекеде жинақылық танытып, ІІІ орынды қанжығасына басты.

Ақсай боз кілемін тағы бір бұрымды самбошымыз Диляра Құлымбетова да жатсынбады. 70 келі салмақ дәрежесінде белдескен Диляра да қола жүлде еншіледі.

Қыздарды күреске баулып, білгенін үйретіп жүрген жас бапкер Наурызбек Сәпиев:

- Қыздардың нәтижелері көңілімнен шықты. Бәсеке өте жоғары болатын ел біріншілігінде жүлде салу - үлкен жетістік. Бірақ, бүгінгі қола алдағы уақытта қоржынға түсер алдын медальдардың бастауы бол, - дейді бапкер.

Түгелбай БИСЕН,

Зеленов ауданы

IMG-20180916-WA0038 IMG-20180917-WA0035

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале