27.07.2020, 12:45
Оқылды: 113

Орал қаласындағы дағдарыс орталығына 163 адам көмекке жүгінген

Орал қаласындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығына 2020 жылдың 6 айында көмекке 163 адам жүгінген.

4A0151E1-FFA6-428B-AF0E-98F55DDA2AF7

Өткен жылмен салыстырғанда 68,7% артық (өткен жылдың 6 айында – 112 адам), оның ішінде 25-і орталықты паналады (9-әйел, 16-бала), өткен жылмен салыстырғанда 83,3 % төмен (өткен жылдың 6 айында – 30 адам, 13-әйел 17-бала). Оның 8-і ІІБ-ның жергілікті полиция қызметінің жолдамасымен, 1-і Алматы қаласындағы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы» КММ-нен аударылуымен келген.

Көмекке 138 адам жүгінді, оның ішінде 56-сына психологиялық, 48-іне құқықтық, 34-іне әлеуметтік кеңестер берілді, оның ішінде 64 адамға телефон арқылы көмек  көрсетілді.

2BB3D469-934F-4A9D-B93B-638177B7C6FE

  Психологиялық көмекке жүгінген 56 адамға психологиялық-диагностикалық жұмыстар жүргізілді.

Құқықтық көмекке жүгінген 48 адамға келесі бағыттар бойынша құқықтық кеңестер берілді: 10 - алимент өндіру, 15-ажырасу, 17-отбасылық кикілжің, 6 мүлік бөлісу бойынша көмек алды. 34 адамға әлеуметтік кеңес берілді, - дейді тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының директоры Талшынай Жүніс.

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале