25.12.2020, 10:13
Оқылды: 64

Қазақстандық зейнетақы жүйесінің аңызы мен шындығы

Әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және «ас үйдегі» тұр­мыстық әңгімелерде Қазақстанның зейнетақы жүйесі туралы Аңыздар, фейктер мен ми­ға сыймайтын қиялдар туындап жатады. Бір қызығы, халық шын­дыққа сәйкес келетін шынайы ақ­параттан гөрі осындай қауесет әңгімелерге көбірек иланады. Бү­гінгі материалда біз осылардың бір бөлігін әшкерелеп, ресми де­реккөздердегі ақпаратты, қауесет әңгімелерге сенбестен, әрдайым қайталап тексеруді ұсынамыз.

ззз

Аңыз: Маған зейнеткерлікке шығуға әлі ерте, бірақ барлық жи­нақтарымды инфляция «жеп қо­йып», құралақан қалмаймын ба?

Шындық: Ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қазақстан Рес­публикасының «Қазақстан Респуб­ликасында зейнетақымен қамсыз­дандыру туралы» заңына сәйкес мемлекет алушыларға БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналары­ның (МЗЖ), міндетті кәсіптік зей­нетақы жарналарының (МКЗЖ) зей­нетақы жасына жеткен сәттегі ин­фляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген жарналар мөлше­рінде сақталуына кепілдік береді. Мысалы, Австралия, Израиль, Мексика, Швеция және Норвегия сияқты елдерде Үкімет зейнетақы ақшасының сақталуына ешқандай кепілдік бермейді. Ал егер міндетті жинақтаушы жүйесі бар Чехия, Жапония немесе Словакия сияқ­ты елдерді салыстыратын болсақ, онда зейнетақы жинақтарына инвестициялық табыстылық мүлде қарастырылмаған. Онда қорлар тек номиналды, яғни жарналар­дың нақты құнына немесе инфля­ция ескерілмеген нөлдік инвестициялық кірістілікке ғана кепілдік береді. Яғни қорға адам қанша қаражат салса, ақыр соңында инф­ляция мен басқа да факторларды қайта есептемей, сонша ақша алады.

Осыған байланысты Қазақстан­ның зейнетке шығу сәтіндегі инф­­ляция деңгейін ескере отырып, азаматтардың зейнетақы жинақта­рының сақталуына мемлекеттік кепілдік беретін әлемдегі жалғыз ел екендігін тағы да атап өткіміз келеді.

Аңыз: БЖЗҚ зейнетақы жинақ­тарын өз бетінше басқарады.

Шындық: БЖЗҚ жинақтарды есепке алып төлейді, сондай-ақ салымшылар мен алушыларға қыз­мет көрсетіп, оларға кеңес береді. Заңнамаға сәйкес БЖЗҚ-ның зей­нетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республика­сының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсы­ныстар жасау қызметі Ұлттық қор­ды басқару кеңесіне берілді. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы
құралдарының тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы­сы­мен бекітіледі.

Аңыз: Жинақтарды сақтау үшін тек алтынға немесе долларға инвестициялау керек.

Шындық: Қаржы құралда­ры­­ның бір түріне инвестициялау дұ­рыс емес. Өйткені бұл жинақтар­дың жоғалу қаупін едәуір арттырады. Құрал түрлеріне, қандай да бір елге қатыстылығы бойынша инвестицияларды әртараптанды­ру тәуекелдерді барынша азайтады және барлық инвестициялық портфельдің кірістілігін қамтама­сыз етуге мүмкіндік береді.

Тәуекелдерді азайту мақсатын­да инвестициялық портфель инвес­тициялау түрлері, бағыттары, оның ішінде валюталар бойынша әрта­раптандырылған. Қазіргі уақытта инвестициялардың 2/3 жуығы тең­гемен және 1/3 жуығы шетел валютасымен, басым бөлігі АҚШ долларымен номиналданған.

Аңыз: Мерзімі өткен несиелер үшін банктер менің зейнетақы жи­нақтарымды ала алады.

Шындық: Бұл мүмкін емес. Өйткені ҚР «Қазақстан Республи­ка­сында зейнетақымен қамсыздан­дыру туралы» заңының (бұдан әрі – заң) 50-бабының 3-тармағына сәй­кес салымшының (алушының) бо­рыштары бойынша міндетті зей­нетақы жарналарына, міндетті кә­сіптік зейнетақы жарналарына, өсімпұлдарға, зейнетақы активте­рі мен зейнетақы жинақтарына ты­йым салуға немесе оларды өнді­ріп алуға жол берілмейді.

Бұдан басқа ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орын­даушы­ларының мәртебесі туралы» заңы­ның 98-бабының 14-тармағына сәй­кес салымшының (алушының) борыштары бойынша өндіріп алу оның зейнетақы жинақтарына қа­тысты қолданылмайды.

Аңыз: БЖЗҚ-дан төлемдерді ал­ған кезде қосарланған салық салынады.

Шындық: БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы төлемдері түріндегі та­быстарға 10% мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы (бұдан әрі ЖТС) салынады. Бірақ зейнетақы жарналары жеке зейнетақы шотына табысынан ЖТС алынғанға дейін аударылады. Мысалы, адам 100 мың теңге жалақы алады делік. 10 мың теңге (яғни, табыстың 10%) ЖЗШ-ға аударылады. Жеке табыс салығы тек 90 мың теңгеден, яғни төлемдерді алу құқығы пайда болған кезде ғана алынады. Алай­да зейнетақы төлемдеріне ҚР Салық кодексінде көзделген түзетулер мен салық шегерімдерінің сомалары ескеріле отырып, 10 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салынады. ЖТС салынбайтын жинақтар сомасы ағымдағы қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшеріне тең (2019 жылы 12 х 42500 = 510000 теңге). Бұған қоса ағымдағы қаржы жылы­на белгіленген ең төменгі жала­қы­ның 75 еселенген мөлшері шегін­де ЖТС түзету көзделген азамат­тардың санаттары бар.

Аңыз: Салымшы қайтыс бол­ғаннан кейін оның жинақтары тү­гелдей дерлік мемлекетте қалады.

Шындық: БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алатын адам немесе БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) зейнетақы жинақтары бар және заңның 11-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес зейнеткер­лік жасқа толмаған адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адам­ға БЖЗҚ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсет­кіштің 52,4 еселенген мөлшерінде, бірақ ЖЗШ-дағы қаражаттан аспайтын көлемде жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді.

Егер жерлеуге арналған біржол­ғы төлем жүзеге асырылғаннан ке­йін ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақта­рының қалдығы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда бұл қалдық та жерлеуге арналған төлеммен бірге беріледі.

Бұдан басқа ҚР «Қазақстан Рес­публикасында зейнетақымен қам­сыздандыру туралы» заңының 31 және 32-баптарында БЖЗҚ-да мін­детті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жи­нақтары бар адам қайтыс болған жағдайда оның зейнетақы жинақ­тары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп­пен мұраға қалдырылады деп ай­қындалған.

Аңыз: Өзін-өзі жұмыспен қам­тығандардың қазақстандық зей­нет­ақы жүйесіне қатысуға мүмкін­діктері жоқ.

Шындық: Әзірге тұрақты кірі­сі жоқ адамдар төрт міндетті тө­лемді алмастыратын БЖТ (бірың­ғай жиынтық төлем) төлемін пайдалана алады:

- жеке табыс салығы;

- БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарнасы;

- Мемлекеттік әлеуметтік сақтан­дыру қорына міндетті әлеуметтік аударым (МӘСҚ);

- Әлеуметтік медициналық сақ­тан­дыру қорына әлеуметтік жар­на (ӘМСҚ).

2020 жылғы БЖТ мөлшері:

2 651 теңге – республикалық жә­не облыстық маңызы бар қала­лар­дың, сондай-ақ астана тұрғында­­ры үшін 1 АЕК;

1 326 теңге – басқа елді мекен­дердің тұрғындары үшін 0,5 АЕК.

Төлеушілерге бұл соманы өз бетінше 4 төлемге бөлудің қажеті жоқ, бюджетке түскеннен кейін ол тағайындаулар бойынша аутоматты түрде бөлінеді.

БЖТ сомасын «Азаматтарға ар­налған үкімет» МК КЕАҚ мынадай теңдікте бөледі:

10% – жеке табыс салығы (ЖТС);

20% – әлеуметтік аударымдар (ӘА);

30% – міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ););

40% – міндетті әлеуметтік меди­циналық сақтандыруға аударымдар (МӘМС).

БЖТ сомасы алынған табыстың мөлшеріне байланысты емес және қосымша есептеулерді (кірістер, шығыстар, шегерімдер, пайда) талап етпейді.

Бірыңғай жиынтық төлемді табыс алынған әрбір ай үшін жеке төлеу қажет.

Аңыз: Егер өз шотыңызды ұзақ уақыт бойы толықтырмаған бол­са Аңыз, ондағы ақша Аңыз жай ғана жоғалып кетеді.

Шындық: Шын мәнінде, жеке зейнетақы шоттарына есептеліп отыратын зейнетақы жинақтары салымшының (алушының) меншігі болып табылады және ол қайтыс болған жағдайда да қаржысы қор­да мерзімсіз уақытқа сақтала бе­ре­ді. Егер өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлер жоқ еке­ні немесе мұрагерлердің ешқай­сысы­ның мұра алуға құқығы жоқ екені немесе олардың барлығы­ның мұрадан бас тартқаны анық­талған жағдайда ғана сот мұраны ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес ие­сіз қалған мүлік деп тануы мүмкін.

Жасұлан Азатұлы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале