Тәуелсіз еліміздің өркендеуі – Ұлы Жеңістің жалғасы. Бүгінде ауданымызда қалған санаулы ардагер – еліміздегі достық пен келісімнің берік іргетасы. Кеудесін оққа тосып, елін жаудан азат еткен батырларымыздың бірі Бәйтерек ауданына қарасты Рубежин ауылының тұрғыны, екінші дүниежүзілік соғыс ардагері – Александр Старцев.
Мереке аясында аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев пен Рубежин ауылдық округінің әкімі Асылбек Кенжин ардагердің шаңырағында болып, жаңа жылмен құттықтап, аудан әкімі Марат Тоғжановтың атынан сый-сияпат жасап, құрмет көрсетті.
Құрметке разы болған ардагер Александр Тимофеевич құттықтаушыларға алғысын білдіріп, елімізде белең алған пандемиядан аман-есен өтіп, қазақ елінде әрқашан тыныштық, бейбітшілік болсын деген тілегін жеткізді.
Гүлжан Аязбаева,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz