5.01.2021, 11:29
Оқылды: 19

Бәйтеректік ардагерді құттықтады

Тәуелсіз еліміздің өркендеуі – Ұлы Жеңістің жалғасы. Бүгінде ауданымызда қалған санаулы ардагер – еліміздегі достық пен келісімнің берік іргетасы. Кеудесін оққа тосып, елін жаудан азат еткен батырларымыздың бірі  Бәйтерек ауданына қарасты Рубежин ауылының тұрғыны, екінші дүниежүзілік соғыс ардагері – Александр Старцев.

ақ1

Мереке аясында аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев пен Рубежин ауылдық округінің әкімі Асылбек Кенжин ардагердің шаңырағында болып, жаңа жылмен құттықтап, аудан әкімі Марат Тоғжановтың атынан сый-сияпат жасап, құрмет көрсетті.

Құрметке разы болған ардагер Александр Тимофеевич құттықтаушыларға алғысын білдіріп, елімізде белең алған пандемиядан аман-есен өтіп, қазақ елінде әрқашан тыныштық, бейбітшілік болсын деген тілегін жеткізді.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале