ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс» республикалық қайырымдылық акциясы аясында өңірдегі табыс-кірісі аз, көпбалалы 150 жанұя азық-түлік себетімен қамтамасыз етілді. Алғыс айту күнінде жолға шыққан қайырымдылық керуені Орал қаласындағы Достық үйінен бастау алды.
–1 наурыз – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 26 жыл болса, сондай-ақ Алғыс айту күнінің бес жылдық тарихы бар. Соған орай БҚО ҚХА жоспарлаған шараларды бастады. «30 игі іс» республикалық қайырымдылық шарасы аясында өңірдегі көпбалалы, табыс-кірісі аз 150 жанұяға азық-түлік себеті табысталмақ. Әлеуметтік қорғауды қажет ететін жанұялардың тізімін Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен алдырдық. Қайырымдылық керуенін облыстық ҚХА-ның этномәдени бірлестік өкілдері мен «Қоғамдық келісім» мекемесі, сондай-ақ «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы мен еріктілер ұйымдастырып отыр. БҚО ТЖД азық-түлік себеттерін тасымалдайтын көліктер бөлді, - дейді «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Медхат Қамбетов.
Гүлсезім Бияшева,
zhaikpress.kz