5.03.2021, 9:36
Оқылды: 96

150 жанұяға қолдау көрсетілді

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс» республикалық қайырымдылық акциясы аясында өңірдегі табыс-кірісі аз, көпбалалы 150 жанұя азық-түлік себетімен қамтамасыз етілді. Алғыс айту күнінде жолға шыққан қайырымдылық керуені Орал қаласындағы Достық үйінен бастау алды.

 2a178091-a276-4ec9-95c4-5ea71bc3bf52

–1 наурыз – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 26 жыл болса, сондай-ақ Алғыс айту күнінің бес жылдық тарихы бар. Соған орай БҚО ҚХА жоспарлаған шараларды бастады. «30 игі іс» республикалық қайырымдылық шарасы  аясында өңірдегі көпбалалы, табыс-кірісі аз 150 жанұяға азық-түлік себеті табысталмақ. Әлеуметтік қорғауды қажет ететін жанұялардың тізімін Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен алдырдық. Қайырымдылық керуенін облыстық  ҚХА-ның этномәдени бірлестік өкілдері мен «Қоғамдық келісім» мекемесі, сондай-ақ «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы мен еріктілер ұйымдастырып отыр. БҚО ТЖД азық-түлік себеттерін тасымалдайтын көліктер бөлді, - дейді «Қо­ғамдық келісім» КММ басшысы Медхат Қамбетов.

 

Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале