Бүгін аудан орталығы Жымпитыда барлық сала басшылары мен қызметкерлері ауылды абаттандыруға жұмылдырылды. Әр сала қызметкерлері саябақтар мен орталық алаңдарға қара ағаш, қарағай, теректерден жалпы саны 650 түп ағаш отырғызды.
- Жымпитыны одан əрі көркейте түсу үшін бүгін жұмылып, тал-терек егу, абаттандыру шараларын ұйымдастырдық. Тұрғындар жиі шоғырланатын орталық алаң мен сергуге арналған саябақтарға орналастыруымыз тегін емес. Көктемде көк желекке малынып, құлпыра түсуі үшін отырғызудамыз, - дейді Жымпиты ауылдық округінің әкімі Мейрам Қайырғалиев.
Одан бөлек, өзіне тиесілі аймақтар бойынша әрбір мекеме қызметкерлері абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress