16.04.2021, 18:13
Оқылды: 80

Сырымдықтар 650 түп ағаш отырғызды

Бүгін аудан орталығы Жымпитыда барлық сала басшылары мен қызметкерлері ауылды абаттандыруға жұмылдырылды. Әр сала қызметкерлері саябақтар мен орталық алаңдарға қара ағаш, қарағай, теректерден жалпы саны 650 түп ағаш отырғызды.

 IMG_4019

- Жымпитыны одан əрі көркейте түсу үшін бүгін жұмылып, тал-терек егу, абаттандыру шараларын ұйымдастырдық. Тұрғындар жиі шоғырланатын орталық алаң мен сергуге арналған саябақтарға орналастыруымыз тегін емес. Көктемде көк желекке малынып, құлпыра түсуі үшін отырғызудамыз, - дейді Жымпиты ауылдық округінің әкімі Мейрам Қайырғалиев.

IMG_4021

Одан бөлек, өзіне тиесілі аймақтар бойынша әрбір мекеме қызметкерлері абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

 

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале