23.04.2021, 11:33
Оқылды: 23

30 түп ағаш отырғызды

«Таза табиғат» және «Өзіңнен баста» экологиялық жобалары аясында «Бұл менің ағашым» атты акция ұйымдастырлыды. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған шарада Бәйтерек ауданына қарасты Егіндібұлақ мектебі жанындағы баққа оқушылар 30 алма ағашының көшетін отырғызды.

 ал

Енді мектеп ұжымы мен оқушылар білім ордасы жанындағы бақты күтіп баптап, ауылдың көрнекі жеріне айналдырмақшы.

Оқушылар өздері еккен алма ағаштарын аялап бағып, күтім жасауды қолға алды.

Ауыл балаларына қуаныш сыйлап, еңбекке баулуға себепші болған ата-аналар мен ұстаздар қауымына мектеп директоры Маруаш Хайдарқызы алғысын білдірді.

Тұрғындар жыл сайын ағаш отырғызып, игі істі дәстүрге айнылдырсақ деген ойда.

 

Мерует Ешниязова,

Бәйтерек ауданы

Егіндібұлақ ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале