24.04.2021, 10:43
Оқылды: 87

26 сәуірден бастап «ASHYQ» қосымшасы барлық облыста кеңінен қолданылады бастайды

26 сәуірден бастап «ASHYQ» қосымшасы барлық облыста кең көлемде қолданыла бастайды. Бұл туралы Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Мамин мен Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдаған кезде айтылды.

20210424_104009
Қасым-Жомарт Тоқаевқа халыққа екпе егуге қатысты қабылданып жатқан шаралар жайында айтылды. Асқар Маминнің айтуынша, сәуірден бастап ай сайын 2 миллион адамға вакцина салу жоспарланып отыр.

Президентке отандық QAZVAC вакцинасының өңірлерге жеткізілуі жайында ақпарат берілді. Премьер-Министр Қазақстанның COVID-19 індетіне қарсы вакцина шығарған он мемлекеттің және өз әзірлемелерін тіркеген бес елдің қатарына кіргенін айтты. Сонымен қатар ол 26 сәуірден бастап «ASHYQ» қосымшасы барлық облыста кең көлемде қолданыла бастайтынын атап өтті. Бұл «қызыл» және «сары» аймақ кезінде экономиканың әртүрлі секторының қауіпсіз жұмыс істеуіне мүмкіндік бермек.

Дереккөз: inform.kz

Сурет: massaget.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале