28.04.2021, 1:13
Оқылды: 53

Субвенция көлемін төмендету тұтқасы

Еліміздің әкімшілік-аймақтық бөлінісіне көз салсақ, 14 облыс, миллионнан астам тұрғыны бар үш ірі мегаполис қала, тұтастай алғанда 17 өңір бар екенін көреміз. Ұлттық экономика министрлігінің сайтынан алынған дереккөздері Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары және Атырау мен Маңғыстау облыстары республикалық бюджеттің донорлары ретінде тіркелгенін айғақтайды. Ал Шымкент қаласы мен қалған облыстардың бәрі дотациялық өңірлер қатарында. Бұған дейінгі жасалған талдаулар алдыңғы атанған қос қала негізінен қызмет көрсету саласы бойынша донор аталса, кейінгі екі өңір бұл мәртебеге мұнай өндірісі бойынша қол жеткізгенін алға тартады. 5182973E-060C-4A90-ABA8-54C0C83A7EB4

Қалай десек те, еліміздің өзге өңірлеріне қарағанда, Нұр-Сұлтан мен Алматыда өндірістік инфрақұрылымдар жан-жақты дамығаны хақ. Қажетті өндіргіш күштердің топтасуы жөнінен де екеуінің мойны өзгелерден озық тұр. Осы факторлар донорлар қатарына кіруге алғышарт қалағаны анық. Бұның ең басты артықшылығы – мұнай-газ секілді стратегиялық шикізат көздеріне тәуелді болмай, индустрия мен инновацияның алға шығуында. Ал қазіргідей пандемияның салдары мен өзге де экономикалық байланыстар тежелген тұста мұнай өндіру бойынша ел экономикасын алға тарта алатын локомотивтер де өте қажет екендігі ешқандай талас туғызбайды. Өйткені қазіргі жағдайда бұл фактор аталған аймақтардың Үкіметтен қаржылай көмек алмай, өз күндерін өздері көруіне алғышарт қалап отыр емес пе? Бұған қоса Атырау облысы ортақ бюджетке трансфер ретінде 207,3 миллиард теңге көлемінде қомақты қаражат қосыпты.

Жөн-ақ, әйтсе де, алдағы уақытта Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарын қоса алғанда еліміздің батыс өңірлері бірыңғай көмірсутегі шикізатын игеру ісінің жетегінде кете бермеуін де осы кезден мұқият ойластырған жөн секілді. Өйткені бұл дүниеде не нәрсенің де белгілі бір шегі болатыны белгілі. Жоғарыда аталған шикізат көздеріне де осындай философиялық көзқарас тұрғысынан ой жүгіртудің артықшылығы жоқ. Яғни аталған өңірлер шикізатқа тәуелді болып қалмауы үшін шағын және орташа бизнесті де қатар өркендетуге ден қойса, бұдан тек ұтары анық.

Мақаланың толық нұсқасын облыстық "Орал өңірі" газетінің 28 сәуірдегі  №34 санынан оқи аласыздар.

Темір Құсайын,

Парламент сыйлығының иегері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале