14.05.2021, 12:28
Оқылды: 42

Оралда ұлттық ойын түрлерінен сайыс өтті

Орал қалалық жастар ресурстық орталығы, Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі және БҚО Қазақ күресі федерациясының ұйымдастыруымен қалалық демалыс және мәдениет саябағында Ораза айт мерекесіне орай ұлттық ойындардан сайыс өтті.

о1

Сайыс қазақ күресі, асық ату, қол күресі, қой көтеру және садақ ату түрлерін қамтыды. Мерекелік шараға қала әкімінің орынбасары Ерлан Ерсайынұлы және Батыс Қазақстан облысының және Орал орталық мешітінің бас имамы Бақытжан Құралбайұлы қатысып, қала тұрғындарын мерекемен құттықтады.

Ұлттық ойындар тәрбиелік мәнімен қоса ой-санасының жетілуіне зор ықпал етеді. Осы орайда ұйымдастырылған сайыс барысында сайысқа қатысушылар шеберліктері мен икемділіктерін ортаға салып, бақ сынасты.

- Бүгінгі күні ұлттық спорт түрлерімен айналысатын жастардың саны артып келеді. Сайысқа қатысуға ниет білдіргендер саны сөзіміздің айқын дәлелі. Мұндағы басты мақсат – ұлттық ойынды қайта жаңғырту, дамыту және халық арасында кеңінен тарату.

о33

Осы орайда шарамыздың өтуіне атсалысқан жеке кәсіпкерлер Әсет Сұлтанұлына, Айбат Мурзагалиевке, Сунгат Мурзагалиевке және қалалық демалыс және мәдениет саябағының ұжымына алғыс білдіреміз, - дейді ұйымдастырушы жастар.

Сайыстың жеңімпаздары диплом, медаль, кубок және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар, ойын барысында балаларға тәттілер, ойыншықтар, сусындар таратылып, аттракциондар тегін қызмет жасады.

о22

о5

06

Ертай Бимұханов,

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале