8.06.2021, 12:50
Оқылды: 44

Бәйтеректе екпе алғандар сыйлыққа ие болады

Бәйтерек аудандық ауруханасы Covid-19 вирусына қарсы екпе алғандардың арасында «Вакцина ал да, жүлде ұтып ал» атты лоторея ұйымдастыруда.

B0DB356F-F0E7-4555-AAB0-AEE88BFA0F01

Лотореяға маусым айында вакцина алған кез келген аудан азаматы қатыса алады. Тұрғындарға екпе салдырғаннан кейін реттік нөмір беріледі. Сол сан бойынша олар лотореяға қатыса алады. Ай соңында тіркелген барлық қатысушы арнайы шақырылып, арнайы талон суыру арқылы жүлде қоржындарға, ұтыстарға ие бола алады.

-Лоторея жеңімпаздарына денсаулыққа пайдалы медициналық құралдар ұсынылып отыр. Олар қысым өлшейтін тонометр, жүрек соғысын қадағалап отыратын смарт сағаттар, қан қысымын өлшейтін глюкзаметрлер, небулойзерлар, мобильді медециналық қобдишалар және тағы да басқа сыйлықтарымыз бар. Аталмыш лоторея халықтың көңілін аулап, вакцина алуға шақыру мақсатында жүзеге асуда, - дейді аудандық аурухананың эпидемиологі Әсем Әлібиқызы.

Дәрігерлер вакцина аламын деушілер екпені күнделікті 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс жасайтын аудандық аурухананың 57-ші бөлмесінде және кез келген ауылдық абмулаториялар мен медпункттерде ала алатынын айтады. Қолда бар мәліметке сенсек, қазір ауданда 3480 азамат вакцинаның бірінші компонентімен егілген болса, 1898 тұрғын екінші екпені алып үлгерген. Әлі вакцина алмаған 13 мыңға жуық тұрғын бар екен.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале