13.07.2021, 16:02
Оқылды: 52

Соңғы тәулікте 45 адам індет жұқтырды

Бәйтерек ауданында каронавирустық инфекциямен күрес жалғасуда. Аудан тұрғындарына вакцина салынып, қауіпсіздік ережелері тұрақты бақылауға алынды. Дегенмен де, қазіргі таңда вирустың таралу көрсеткіші бойынша еліміздің «қызыл аймақтағы» өңірлері қатарындамыз.

InShot_20210712_121041213

-Соңғы бір тәуліктің ішінде 45 адамның ПЦР тесті оң нәтиже көрсетті. Жалпы аудан бойынша  індет жұқтырғандар саны 421 адамға жетіп отыр. Олардың 304-і сиптомды түрде ауырса, 67-сі сиптомсыз. 31 науқас ауруханада ем алуда. 390 адам үй карантиніне оқшауланған. Бұл көрсеткіштен вирустың жұғу деңгейінің өсімі байқалып отыр. Осы ретте вирустан сақтанып, гигиенаға баса назар аудару мен бетперде киюдің маңызын еске саламын,- дейді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Аят Умбеталиев.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале