10.09.2021, 11:14
Оқылды: 359

«Алдымда асқар тау боп сен тұрасың»

Әр шаңырақ үшін әкенің рөлі қашан да орасан зор. Осы орайда Теректің ауданына қарасты Шағатай мәдениет үйінің директоры Ж.Әубәкірованың ұйытқы болуымен «Әке – асқар тау» атты шара өтті.

 09

- Әкелер кеңесін өткізудегі мақсат – әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту және бала тәрбиесіндегі әке рөлінің маңыздылығын айқындау. Сол сияқты бала үшін қауіпсіз ортаны құру және қолдау. Сонымен қатар отбасылық құндылықтарды сақтау және нығайтуға бағытталды, - дейді өнер ордасының басшысы.

Кездесу кешіне көпке үлгілі әкелер қатысты. Тінін тарқатсақ,  С.Мұқашев, С.Мүтиев, Ж.Ғабдушев,  Б.Бегалиев сынды ел ағалары қоғамдағы әкенің рөлі хақында әңгіме өрбітті. Сондай-ақ өмірлік ұстанымдарымен бірге тәжірибелерімен бөлісті.

Кеште А.Харисова «Әке» өлеңің оқыса,  ал А.Ибатова «Әке туралы жыр» әнін шырқалды.

 

Айшабибі Мәмет,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале