Бәйтерек ауданында қазіргі таңда 317 адам КВИ жұқтырған. Олардың 117-сі Переметный бетінде болса, 200 адам Дариян жағында. Осы үш жүзден астам науқастың 271-і симптомды болса, 46 науқас КВИ-ның симптомсыз түрімен ауырып жатыр.
194 науқас үй карантиніне жабылған. Ал 23 адам ауруханаға жатқызылыпты.
Ақпаратты берген аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Аят Үмбетәлиевтің айтуынша, соңғы күні ауру жұқтырған 22 адам тікерліпті. Олардың алтауы Переметный бетінде боса, 16 науқас Дариян жағынан шығыпты.
- Соңғы тіркелген науқастардың 18-і симптомды, төрт адам спмиптомсыз. 21 тұрғын үй карантиніне жабылды. Аураханаға бір адам салдық, - дейді ауданның бас санитары Аят Үмбетәлиев.
Мамандар аудандағы эридахуал тұрақтанғанымен арқаны кеңге салуға әлі ерте екенін айтады. Сондықтан барлық сантарлық талаптарды қатаң сақтап, қорғанып жүрген аздық етпейді.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz