29.09.2021, 9:11
Оқылды: 35

Трекин жастарын біріктірген спорттық шара өтті

Бәйтерек ауданы Трекин ауылдық округінің жастары спорттық шара ұйымдастырды. Ауыл жастарын біріктіріп, достық қарым-қатынас орнату мақсатында оздырылған қызықты бәсеке ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Оған мектеп оқушылары, ауыл жастары, ұстаздар мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысты.

FB_IMG_1632883633527

-Дені саудың жаны сау дейді халық нақылы. Елбасы да, Президентіміз де бұқаралық спортты дамытып, дені сау ұлт қалыптастыруға үлкен мән беріп келеді. Осы шара ауыл спортын дамытып, салауатты өмір салтын ұстанушылардың қатарын көбейтеді деген сенімдемін. Ел болашағы жалынды жастардың қолында. Сол себепті халыққа пайдасы тиер шаралар ұйымдастырып, жақсы жағыңыздан таныла беріңіздер, – деді спорттық жарысқа арнайы келген округ әкімі Мәлік Сейітов.

FB_IMG_1632883625352

Спорттық шара барысында қатысушылар арасында көңілді сөре ұйымдастырылды. Көпшіліктің көңілінен шыққан сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале