6.10.2021, 16:42
Оқылды: 37

Қазақстанда оқу жылы басталғалы 9,1 мың оқушыдан коронавирус анықталды

Оқу жылы басталғалы бері 9 185 оқушыдан коронавирус анықталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

4B9D6C0F-22CD-45DF-B790-4D62DCCC3A73

«Жаңа оқу жылының басталуына байланысты министрлік оқушылар арасында сырқаттанушылыққа күнделікті мониторинг жүргізуде. КВИ-дің 9 185 жағдайы тіркелді. Бұл оқушылардың жалпы санының 0,26 пайызын құрайды. 102 мыңнан астам байланыста болған адам анықталды, оның ішінде 624-і оң нәтижемен», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Министрдің дерегінше, студенттер арасында 1 282 жағдай тіркелген. Оның ішінде 935-і орта оқу орындарының студенттері арасында және 347 жағдай жоғары оқу орындарының студенттері арасында анықталды. Бұл орта оқу орындарындағы білім алушылардың 0,2 пайызын және жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың 0,08 пайызын құрайды.

«Жоғары оқу орындарының студенттері арасында сырқаттанушылықтың төмен деңгейі вакцинациялаудың тиімділігін тағы да көрсетіп отыр», - деді Алексей Цой.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале