8.10.2021, 16:50
Оқылды: 50

Вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді - Министр бұйрығы шықты

ҚР Денсаулық сақтау министрі міндетті вакцинацияны жұмысқа жіберу шарты ретінде бекітті.

211008131113011a3846434i
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынуы (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек және скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға» толықтырулар енгізу туралы бұйрыққа қол қойды. Құжат 17 қазаннан бастап күшіне енеді.

«Бұйрық бойынша коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін күндізгі режимдегі жұмысқа тек COVID-19-ға қарсы вакцина алған қызметкерлер жіберілетіні айтылған. Ал вакцина алмағандар ПТР тестілеудің теріс қорытындысы немесе тұрақты медициналық қарсы көрсетілім туралы, коронавиурспен ауырып жазылғанына 3 ай толмағаны туралы медициналық анықтама болған жағдайда ғана жұмысқа жіберілмек.

Қазақпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале