«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Азамат Сафималиев тұрғындарды қабылдады.
Қабылдауға келушілердің негізгі тілек-өтініштері жұмысқа тұру, баспаналы болу, арендалық үйді жекешелендіру, жер, қайтарымсыз несие алу, үй кезегі, мемлекеттік бағдарлама негізінде салынған үйге құрылыс жүргізу мәселесіне қатысты болды. Қабылдау барысында азаматтардың өтініш-шағымдарын тыңдап, түскен өтініш-тілектерді таразылай келе аудан басшысы әр өтінішті қолданыстағы заң нормаларына сәйкес орындалуы қажеттігін айтып, қабылдауға келген тұрғындарға мәселенің шешілу жолын егжей-тегжейлі түсіндірді.
Тұрғындар Н.Шилихина, Г.Мұқанова, Н.Үмбетәлиев, Н.Сайфеденова, Қ.Исмаков, Ж.Құбаева, Р.Үмбеталиева, Ж.Ажмұханова, А.Сабитова, И.Ахметқалиева, Л.Шагирова, Р.Бұйрабасова, Л.Садрединова, А.Қожасова, Б.Бексеитова, М.Нысанбаев, А.Болатова, Л.Садирова секілді көптеген азаматтар тарапынан көтерілген мәселелерді қарастырып, шешу үшін жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.
Ә.Садық,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz