8.11.2021, 15:23
Оқылды: 48

Коронавирус пен тұмауға бөлек вакцина салдыру керек - дәрігер

Алматыда ЖРВИ дертінің маусымдық өсімі байқалады. Бұл туралы Алматы орталық клиникалық ауруханасы директорының орынбасары Эльвира Ибрагимова баспасөз конференциясында мәлім етті.

48

Спикер Алматыда қыркүйек айынан бастап дерттің 74 мыңнан астам жағдайы тіркелгенін айтты.

Сондай-ақ, қалада тұмауға қарсы вакциналаудың жалғасып жатқанын, ол - маусымдық тұмаудың алдын алудың ең тиімді жолы екенін атап өтті.

«Халыққа тұмауға қарсы екпе егу әдетте қазан-қараша айларында, вирустың маусымдық айналымы басталғанға дейін жүзеге асырылады. Алайда, вакцинаны жыл бойы алуға болады. Қала емханаларында қала тұрғындары тұмауға қарсы ресейлік «Гриппол +» вакцинамен егіле алады, - деді ол.

Спикер сонымен қатар, коронавирусқа қарсы вакцинаның болғанына қарамастан, тұмауға қарсы вакцинаны да салдыру керек екенін атап өтті.

Себебі, бұл - әртүрлі вирустарға әсер ететін екі түрлі вакцина.

Эльвира Ибрагимова Қазақстанмен шекаралас елдерде COVID-19 жағдайының нашарлауы салдарынан коронавирус ЖРВИ ретінде болуы мүмкін екеніне назар аударды.

«ЖРВИ-дің алғашқы симптомдары байқалса, емдеуді бастаған өте маңызды. Ол үшін тұмаудың алдын алу шараларын сақтау: маска тағу, қолды үнемі жуу, байланысты шектеу қажет. Сонда ғана инфекция басқаларға жұқпайды»,-деді дәрігер.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале