Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 29 992 адам коронавирус жұқтырды.
Ауырғандардың 48 пайызы (14 457) Орал қаласында, 15 пайызы (4448) Бәйтерек, 13 пайызы (3729) Бөрлі ауданында тіркелген.
Соңғы аптада (2-8 қараша) алдыңғымен (26 қазан – 1 қараша) салыстырғанда, ауру жұқтыру көрсеткіші 8,6 пайызға (279-дан 255-ке) азайды.
Департамент мәліметіне қарағанда, қазіргі кезде жасыл аймақта тұрған өңірде 1 қарашадан бері 264 науқас анықталды.
Бұлардың 51 пайызы (135) ЖРВИ белгілерімен тексерілсе, 27 пайызы (72) профилактикалық мақсатта қаралған. Сондай-ақ 20 пайызы (53) бұрын сырқаттанғандармен байланыста болса, 2 пайызынан (4) стационарға жатқызар алдында сынама алынған.
Осы айда індет жұқтырғандардың 36-сы – 14 жасқа дейінгілер, алтауы – 15-17, 12-сі – 18-25, 54-і – 26-40, 64-і – 41-60 жас аралығындағылар, 92-сі – алпыстан асқандар. Яғни көпшілігі 60 жастан жоғарылар арасында тіркеліп отыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да короонавирус жұқтырған 150-ден астам науқастың стационарлық ем алып жатқанын жазған болатынбыз.
Дереккөз: ҚазАқпарат