9.11.2021, 12:13
Оқылды: 133

БҚО-да жыл басынан бері коронавирус жұқтырғандар саны 30 мыңға жуықтады

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 29 992 адам коронавирус жұқтырды.

211109123020691a3859656i

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, бұл 100 мың тұрғынға шаққанда, 4540,5-тен келеді.

Ауырғандардың 48 пайызы (14 457) Орал қаласында, 15 пайызы (4448) Бәйтерек, 13 пайызы (3729) Бөрлі ауданында тіркелген.

Соңғы аптада (2-8 қараша) алдыңғымен (26 қазан – 1 қараша) салыстырғанда, ауру жұқтыру көрсеткіші 8,6 пайызға (279-дан 255-ке) азайды.

Департамент мәліметіне қарағанда, қазіргі кезде жасыл аймақта тұрған өңірде 1 қарашадан бері 264 науқас анықталды.

Бұлардың 51 пайызы (135) ЖРВИ белгілерімен тексерілсе, 27 пайызы (72) профилактикалық мақсатта қаралған. Сондай-ақ 20 пайызы (53) бұрын сырқаттанғандармен байланыста болса, 2 пайызынан (4) стационарға жатқызар алдында сынама алынған.

Осы айда індет жұқтырғандардың 36-сы – 14 жасқа дейінгілер, алтауы – 15-17, 12-сі – 18-25, 54-і – 26-40, 64-і – 41-60 жас аралығындағылар, 92-сі – алпыстан асқандар. Яғни көпшілігі 60 жастан жоғарылар арасында тіркеліп отыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да короонавирус жұқтырған 150-ден астам науқастың стационарлық ем алып жатқанын жазған болатынбыз.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале