18.11.2021, 17:53
Оқылды: 38

Қасым-Жомарт Тоқаев инвестицияға жауапты ведомствоға тапсырма берді

Мемлекеттер арасында шетел инвестициясына талас күшейді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

211118160925106e

Экономикалық дипломатияны қайта жандыру мәселесіне тоқталған Президент: «Әлемдік саясатта климат пен технология мәселелері айрықша өзекті. Пандемиядан кейін экономиканы қалпына келтіру үшін мемлекеттер арасында шетел инвестициясына талас күшейді. Сыртқы істер министрлігі – инвестиция тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыратын уәкілетті орган. Біз министрлікке осындай ерекше мәртебе бердік. Сондықтан бұл мүмкіндікті толыққанды пайдалану қажет», - деді.

Осы орайда Мемлекет басшысы Қазақстан экспортын ілгерілетуге барынша қолғабыс ету тағы бір маңызды міндет екенін атап өтті. «Еліміз Шығыс пен Батысты, Солтүстік пен Оңтүстікті жалғайтын күре жолдардың бойындағы транзиттік-логистикалық хабқа айналуға тиіс.

«Нұрлы Жол» бағдарламасы және көрші елдердің инфрақұрылымдық бастамалары осыған негіз болады. Бұл жұмыста министрлікке айрықша міндет жүктеледі», - деді Қ.Тоқаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале