19.11.2021, 15:00
Оқылды: 64

Цифрлық теңге енгізу мәселесін қарастырған жөн - Мемлекет басшысы

Бүгін Алматыда қаржы секторының өкілдерімен кездескен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев болашақ қаржы жүйесінің негізіне айналуы мүмкін цифрлық теңге енгізу мәселесін қарастырған жөн екенін айтты.

211119154520865a3864500i
Кездесу барысында Президент цифрлық валюталарды айналымға енгізу маңызды екенін тоқталды. Бұл ретте болашақ қаржы жүйесінің негізіне айналуы мүмкін цифрлық теңге енгізу мәселесін қарастырған жөн екенін айтты.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев криптовалюта нарығын дамыту мәселесіне де тоқталды.

«Криптовалюталар – объективті фактор екенін және оларға немқұрайлы қарауға болмайды. Олардың қолданыстағы қаржы жүйесіне әсер ететін тәуекел-қатерлері мен әлеуетін нақты бағалау қажет. Сондықтан елімізде криптобиржаларды құру үшін теңдестірілген реттеу шарттарын қалыптастыру жұмыстарын жандандыру қажет. Басқаша айтқанда, криптовалюталарды шығару бойынша әлемдегі екінші ел бола тұра, қаржы қайтарымын көрмей отырмыз», – деді Мемлекет басшысы.

ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале