Сырым ауданында Тұңғыш Президент күніне орай аудан әкімі Төлеген Төреғалиевтің қатысуымен «Тәуелсіздік, Елбасы - егіз ұғым» атты мерекелік шара өтті.
Аудан әкімі мерекелік шарада ауданның көркейіп, дамуына өз еңбектері арқылы сүбелі үлестерін қосып жүрген бірқатар сала қызметкерлерін аудан әкімінің алғысхатымен марапаттады.
Одан бөлек, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне арналған дәстүрлі түрде өтетін аудан орталығындағы мекеме қызметкерлері арасындағы спартакиадаға белсене қатысып, жеңіске жеткен командаларға диплом, кубок және ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Мекеме қызметкерлері арасындағы спартакиадада жалпы командалық есепте Қ.Мырзалиев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі ұжымының командасы І орын иеленіп, мықтылықтарын мойындатты.
Мерекелік кеш ауданның көркемөнерпаздарының концертімен жалғасын тапты.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы