1.12.2021, 0:23
Оқылды: 71

«Тәуелсіздік, Елбасы - егіз ұғым»

Сырым ауданында Тұңғыш Президент күніне орай аудан әкімі Төлеген Төреғалиевтің қатысуымен «Тәуелсіздік, Елбасы - егіз ұғым» атты мерекелік шара өтті.

FEC188AE-99DF-4365-AFBB-34385F2834A8

Аудан әкімі мерекелік шарада ауданның көркейіп, дамуына өз еңбектері арқылы сүбелі үлестерін қосып жүрген бірқатар сала қызметкерлерін аудан әкімінің алғысхатымен марапаттады.

Одан бөлек, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне арналған дәстүрлі түрде өтетін аудан орталығындағы мекеме қызметкерлері арасындағы спартакиадаға белсене қатысып, жеңіске жеткен командаларға диплом, кубок және ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

891D5883-214D-481D-89BA-A8E5D01B8DFB

Мекеме қызметкерлері арасындағы спартакиадада жалпы командалық есепте Қ.Мырзалиев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі ұжымының командасы І орын иеленіп, мықтылықтарын мойындатты.

8BA6385C-CB88-4AE8-9CA6-C1CB287437AF

Мерекелік кеш ауданның көркемөнерпаздарының концертімен жалғасын тапты.

Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале