2.01.2022, 10:20
Оқылды: 28

ҚР ІІМ ел тұрғындарына ескерту жасады

ҚР Ішкі істер министрлігі республика тұрғындарына қыс мезгілінде жолдағы қауіпсіздікке байланысты ескерту жасады.

DDA05107-BFDD-4DF0-B4BC-D865707465A6

«Климаттық өзгерістер, көлік ағынының ұлғаюы, жол көрінісінің қиындауымен қатар қыс мезгілінде күн сәулесінің жетіспеуіне байланысты жолдарда қауіп бірнеше есе артады. ІІМ қысқы жолмен жүру кезінде еске мынадай талаптарды еске салады:

(көктайғақта, жаңадан жауған қарда, тапталған қарда) қашықтықты, бүйірлік аралықты, жылдамдық режимін қатаң сақтау, сондай-ақ кенеттен тежеуге жол бермеу қажеттігін есте қстаған жөн. Күн райы және жолдарды жабуға қатысты ақпараттарды назарда ұстау қажет»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ министрлік таратқан деректерге қарағанда, күн райының қолайсыздығына байланысты қыстың басында жол-көлік оқиғаларының саны күрт өсті. Өткен тәулікте елімізде 24 көліп апаты тіркелген, онда 2 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды.

Дереккөз:ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале