Израиль әлем бойынша алғашқылардың бірі болып COVID-19-ға қарсы Pfizer компаниясының паксловид (Paxlovid) дәрісінің алғашқы партиясын алды, деп хабарлайды euronews.
Бұл – дәрі ретінде жасалған коронавирустың ауыр симптомдарымен күресетін препарат. Оны егуге арналған басқа препараттарға қарағанда, үй жағдайында қабылдауға болады.
Алғашқы партия 20 мың дозадан тұрады деп хабарланды – Израиль ауруханаларында шамамен осыншама вирус жұқтырған науқас жатыр.
Дереккөз:ҚазАқпарат