11.01.2022, 11:27
Оқылды: 63

Мемлекеттік басқарудың әр деңгейінде кедейлікті төмендету көрсеткіші енгізіледі - Тоқаев

 ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында кедейлікпен күрес жөніндегі жоспарын таныстырды.

220111120529a3883853d

«Азаматтардың бақуаттылығы және әлеуметтік қамсыздығы мемлекеттің басты назарында болуы керек. Санмен ойынды қойып, нақты істерге көшетін кез келді. Мемлекеттік аппарат көп жағдайда «өзін-өзі тиімді жұмыспен қамтушылар», «ресми емес жұмыспен қамту» сияқты теминдермен бүркемеленуді жақсы көреді.», -деді Президент. Айтуынша, соның салдарынан көптеген адамдар жұмыссыздықпен бетпе-бет келіп және әлеуметтік қорғаусыз қалып жатыр. «Бұл әлеуемттік-еңбек саласын сапалы жаңартуды қажет етеді. Осы мақсатпен мынадай шараларды қабылдаған жөн. Халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеу қажет. Жұмыс натқы әрі әр азаматқа бағдарланған болуы керек. Басқарудың әр деңгейінде кедейлікті төмендетудың нақты көрсеткіштерін бекіту қажет», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында ҚР Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынып, оны Мәжіліс қабылдады. Президент жуықта Қазақстанды саяси трансформациялау жөніндегі жаңа ұсыныстарын жариялайтынын айтқан. Сондай-ақ, ол 7 қаңтарда халыққа жасаған үндеуінде Үкіметке бүгінгі Мәжіліс отырысында натқы тапсырмалар беретінін айтқан еді. «Үкімет менің 11 қаңтарда Мәжілісте айтатын сөзіме қатысты нақты шешімдер қабылдауы керек», -деген Мемлекет басшысы.

ҚазАқпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале