12.01.2022, 16:00
Оқылды: 179

Астанада жалған ақпарат таратуға қатысты 3 қылмыстық іс қозғалды – полиция

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің басшысы, елорда коменданты Ержан Сәденов астаналықтардан жалған ақпарат таратпау керектігін ескере отырып, тек ресми дерекке сенуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

6

«Өкінішке қарай, жалған ақпарат тарату деректері тіркеліп жатыр. Қазіргі таңда аталған айыпқа сәйкес 3 қылмыстық іс қозғалды. Еске сала кетейін, жалған ақпарат таратып, ол расталған жағдайда Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Осыған орай, төтенше жағдай кезінде әкімшілік немесе қылмыстық құқықбұзушылық үшін жауапкершіліктің күшейтілгенін тағы да ескертемін», - деп жазды Ержан Сәденов Facebook парақшасында.

Сондай-ақ, полиция департаментінің басшысы елорда жұртын тек ресми дерекке сенуге шақырды.

«Азаматтарды тыныштықты сақтап, заң бұзушылықтарға жол бермеуге шақырамын. Және коменданттық сағат ережесін бұзбауды сұраймын», - дейді ол.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале