Vesti.kz мәліметінше, Рыбакина тарихта алғаш рет WTA рейтингінің ТОП-13 үздігі қатарына енді. Қазақстандық спортшы америкалық София Кенинді үш ұпаймен артта қалдырып, алға шықты. Қазақстанның әйелдер теннисі тарихында осындай көрсеткішке бұған дейін ешкім көтеріліп көрмеген.
Рейтингте 11-орында ресейлік Анастасия Павлюченкова (2968 ұпай), ал 10-орында-Тунистің өкілі Онс Гиллер (3500) тұр.
Сондай-ақ, Юлия Путинцева да бір позицияға жоғары көтерілді, ол қазір 42-ші орында (1400). Ал Зарина Дияс өз жағдайын төрт позицияға жақсарта алды, қазір ол 104-ші (732) болып тұр.
Дереккөз: zakon.kz