16.01.2022, 11:00
Оқылды: 108

Елена Рыбакина әлемнің 12-ші ракеткасы атанды

Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) рейтингіне сәйкес, қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте бір позицияға жоғары көтерілді.
e14e53fd19c846529d51e378b419eebe

Vesti.kz мәліметінше, Рыбакина тарихта алғаш рет WTA рейтингінің ТОП-13 үздігі қатарына енді. Қазақстандық спортшы америкалық София Кенинді үш ұпаймен артта қалдырып, алға шықты. Қазақстанның әйелдер теннисі тарихында осындай көрсеткішке бұған дейін ешкім көтеріліп көрмеген.

Рейтингте 11-орында ресейлік Анастасия Павлюченкова (2968 ұпай), ал 10-орында-Тунистің өкілі Онс Гиллер (3500) тұр.

Сондай-ақ, Юлия Путинцева да бір позицияға жоғары көтерілді, ол қазір 42-ші орында (1400). Ал Зарина Дияс өз жағдайын төрт позицияға жақсарта алды, қазір ол 104-ші (732) болып тұр.

Дереккөз: zakon.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале