27.01.2022, 16:00
Оқылды: 51

Украиналық сарбаз қарудан оқ жаудырып, 5 адамды өлтірді, 5-еуі жарақаттанды

Украинада Ұлттық гвардия сарбазы 4 әскери қызметші мен 1 әйелді атып өлтірді, тағы 5 адам жарақат алды. Бұл туралы ҚазАқпарат УкрИнформ агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

220127141128044e

Полиция мәліметінше, оқиға Днипрде Оңтүстік машина жасау зауытының аумағында болды.

«Полицияға Ұлттық гвардия сарбазының автоматты қарудан оқ жаудырғаны туралы хабарлама келіп түсті. Соның салдарынан төрт әскери қызметші мен азаматтық бір әйел оқиға орнында қаза болды, тағы бес адам жарақат алды. Ер адам қолына қару ұстаған күйі оқиға орнынан ізін суытты», - делінген ақпаратта.

Ер бала 2001 жылы Одесса облысында дүниеге келген, Ұлттық гвардияның әскери қызметшісі.

Оқиға орнына дереу Ұлттық полицияның Днепропетров облысы бойынша басшылығы, жедел-тергеу тобы, криминалист сарапшылар, барлық салалық қызметкерлер шыққан.

Днепропетров және көршілес облыстарда полиция арнайы операция жүргізуде. Күдіктіні іздеуге полицияның барлық қызметтері тартылған.

Қайғылы оқиғаның мән-жайын Украина елінің Мемлекеттік тергеу бюросы және әскери прокуратура өкілдері анықтайтын болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале