Мемлекет басшысы қандай бағыттарға назар аудару қажетін айтты.
Біз келесі басымдықтарға назар аударуымыз керек. Бірінші. Қоғамның барлық сындарлы күштерін топтастыру, партия қатарындағы ынтымақты нығайту. Біз өз қатарымызға түрлі қоғамдық-саяси топтардың өкілдерін, өз азаматтарының сеніміне ие нағыз көшбасшыларды белсендірек тартуымыз керек. Өкінішке қарай, партияда ондайлардың аз екеніне көзіміз жетті.Сын кезеңде партияның бүкіл орасан зор кадрлық әлеуеті, оның барлық ауқымды инфрақұрылымы толық пайдаланылмады. «Nur Otan» шын мәнінде нақты істердің партиясы бола отырып, оқиғалардың бел ортасында, үдерістердің басы-қасында болуы керек. Сырттан келген бақылаушының ұстанымы енді қабылданбайды, - деді Мемлекет басшысы.
BAQ.KZ