Енді Данияда бетперде мен COVID паспорты міндетті болмайды, барлар мен мейрамханалардың жұмыс уақыты шектелмейді. Сондай-ақ, түнгі клубтар қайтадан ашылады, жабық бөлмелердегі адам санына шектеу алып тасталады. Осылайша, Дания Еуропа Одағында COVID шектеулерін алып тастаған алғашқы елі болды.
Шенген аймағына кірмейтін елдерден келген, вакцина алмаған саяхатшылар үшін ел шекараларында кейбір шектеулер сақталады.