2.02.2022, 11:00
Оқылды: 64

Дания барлық COVID-19 шектеуін алып тастады

Данияда 1 ақпаннан бастап COVID-19-ға қарсы шектеулер алып тасталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Herald-қа сілтеме жасап.

photo_93708

Ел билігі вакцина алғандар артқанына сүйеніп, жағдай әлі шиеленісіп тұрғанына қарамастан, COVID-19-ға қарсы шектеулерді алып тастады.

 Басылым мәліметінше, Данияда күн сайын 40-50 мыңға жуық жаңа жағдай тіркеледі, бұл елдің 5,8 миллион тұрғынының бір пайызы болады.
"Бізде вакцинаның үш дозасын алған ересектер өте көп", - деді Роскильде университетінің эпидемиологы Лоне Симонсен.

Енді Данияда бетперде мен COVID паспорты міндетті болмайды, барлар мен мейрамханалардың жұмыс уақыты шектелмейді. Сондай-ақ, түнгі клубтар қайтадан ашылады, жабық бөлмелердегі адам санына шектеу алып тасталады. Осылайша, Дания Еуропа Одағында COVID шектеулерін алып тастаған алғашқы елі болды.

Шенген аймағына кірмейтін елдерден келген, вакцина алмаған саяхатшылар үшін ел шекараларында кейбір шектеулер сақталады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале