28 қаңтарда Оралда Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері "гидропоника" әдісімен марихуана өсірген есірткі зертханасы ұйымдастырушыларын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жедел-тергеу іс-шаралары барысында қаладағы жеке үйлердің бірінде екі адам есірткі құралдарын заңсыз өсіргені және сақтағаны анықталды.
"17 келі марихуана, 100 түп қарасора мен зертханалық жабдық, сондай-ақ, кесілген тегіс ұңғылы мылтық пен травматикалық тапанша тәркіленді", - делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалы ҚР ҚК 297-бабыны4 3-бөлігі бойынша СТБТ-да тіркелді. Сот "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасын тағайындады.