4.02.2022, 9:00
Оқылды: 63

Оралда есірткі зертханасын ұйымдастырушылар ұсталды

28 қаңтарда Оралда Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері "гидропоника" әдісімен марихуана өсірген есірткі зертханасы ұйымдастырушыларын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

66630983-1662-4264-9879-C05E759D8578

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында қаладағы жеке үйлердің бірінде екі адам есірткі құралдарын заңсыз өсіргені және сақтағаны анықталды.

"17 келі марихуана, 100 түп қарасора мен зертханалық жабдық, сондай-ақ, кесілген тегіс ұңғылы мылтық пен травматикалық тапанша тәркіленді", - делінген хабарламада.

 

 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалы ҚР ҚК 297-бабыны4 3-бөлігі бойынша СТБТ-да тіркелді. Сот "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасын тағайындады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале