14.02.2022, 17:40
Оқылды: 16

Бейжің-2022: Ақмаржан Қалмұрзаева финалдық кезеңнен сүрінді

Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан Ақ Олимпиада ойындарында Фристайл-акробатикадан Ақмаржан Қалмұрзаева жүлдеге ілікпей қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220214182542908e

Фристайл-акробатикадан Бейжің Олимпиадасының финалдық кезеңнің бірінші іріктеуінде Ақмаржан 71.23 ұпай жинап, 12 спортшының ішінде 11-орын алды. Осылайша ол 6 спортшы қатысатын ақтық сынға өте алған жоқ.

Финалдық кезеңнің бірінші мүмкіндігінде Қалмұрзаева жаттығу барысында құлап, 52,36 ұпай алды.

Ал екінші жаттығуда отандасымыздың сол аяғы тайып кетіп, трамплинге жетпеді. Алайда ұйымдастырушылар оған тағы бір қосымша мүмкіндік берді. Оны Ақмаржан сәтті пайдалана білді. Өкінішке қарай төрешілер тарапынан төмен ұпай алып, тек 11-орынға табан тіреді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале