24.02.2022, 15:40
Оқылды: 42

Украина Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынасын үзді - Зеленский

Владимир Зеленский Украинаның Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынасын үзгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
03

Бұл туралы брифингте Украина президенті мәлімдеді.

Украинаға солтүстіктен, оңтүстіктен, шығыстан, аспаннан шабуыл жасалуда. Украинаның әскери күштері ұрыс жүргізіп жатыр, жау қатарында шығындар бар. Алдағы уақытта олардың саны бұдан да көп болады. Біз қазірдің өзінде қару-жарақ беріп жатырмыз және өз жерімізді қорғау үшін бәріне қару беретін боламыз. Біз Ресеймен дипломатиялық қатынасты үздік.Владимир Зеленский

24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин ресейліктерге үндеуінде Донбаста арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале