3.03.2022, 15:50
Оқылды: 22

Украинада қалып қойған қазақстандық 6 жүк көлігі Польшаға жолға шықты

Көлік жүргізушілері Днепрден Польша Республикасына қарай аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап.

220303133636691e

Сонымен қатар, бүгін 2 жүргізуші Нихотевка өткізу бекеті арқылы Ресей шекарасынан өтті. Палатаның мәліметінше, 21 жүк көлігі Украина аумағынан шыққан: 10 жүргізуші Ресейге, 8 көлік Молдоваға шықты. Соның ішінде 4 жүргізуші - Түркия азматтары. Тағы 3 жүргізуші Польшаға жетті. 3 наурыздағы жағдай бойынша 35 ірі жүк көлігінің жүргізушісі, оның ішінде қазақстандық көліктерде жүрген 4 украиналық жүргізуші әзірге Украина аумағында қалып отыр.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале